Accessibility links

Үндістанда содырлар мен полицияның қақтығысы жалғасты


Қастандықтан 100-ден аса адам қаза болған Үндістанның Мумбай қаласында полиция мен содырлардың қақтығысы әлі жалғасуда. Содырлар бейбіт халықты кепілдікте ұстап отырған 2 қонақ үйді Үндістанның арнайы әскері күші қоршап алды. Бейберекет оқ атылып жатқаны айтылады.
Оның қарсаңында содырлар Мумбай қаласындағы бірнеше мекемеге шабуыл жасады. Соңғы мәлімет бойынша, 101 адам, оның ішінде 11 полицей қаза болып, 200-ден астам кісі жараланды. Ресми биліктің мәлімдеуінше, 4 содырдың көзі жойылды, тағы 9-ы тұтқындалды.
Бұл қастандықты Deccan Mujahideen атты беймәлім топ өз жауапкерлігіне алып отыр. Халықаралық қоғам террорлық қастандыққа ащы наразылық білдірді.
XS
SM
MD
LG