Accessibility links

Ирақ парламенті АҚШ-Ирақ Келісімін дауысқа салады


Бүгін Ирақ парламенті АҚШ-пен арадағы Келісімді тағы да дауысқа салып көреді. Осы Келісім АҚШ-ты шамамен 150 мыңдық армиясын Ирақтан 2011 жылдың соңына дейін шығаруға міндеттейді.
Оппозициядағы сүнниттердің фракциясын уәжге келтіру үшін дауыс беру бір күн кейінге ысырылды. Сүнниттер фракциясы Келісімді келесі жылы референдумға қоюды талап етіп келді.
Билік басындағы шийттер мен күрдтердің фракциясы АҚШ-пен арадағы Келісімді қолдайды және оны мақұлдау үшін осы фракцияның дауысы жетіп жатыр.
Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики Келісім елдің тәуелсіздігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG