Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер тағы бір қастандық жасады


Ауғанстан астанасы Кабулда автокөлікке орнатылған бомбаның жарылысынан 4 бейбіт тұрғын қаза болып, 16-сы жараланды. Ауған İшкі істер министрлігінің өкілі Земарай Башари хабарлағандай, жанпидашыл-терроршы өзінің автокөлігімен АҚШ елшілігінің маңында халықаралық күштердің әскери керуенін соғып жарды.
Шенеунектердің атап көрсетуінше, қаза болғандар мен жараланғандардың саны өсе түсуі мүмкін.
Хабарға қарағанда, АҚШ елшілігінде ешкім болмаған – америкалықтар Алғыс күнін тойлап жатыр.
XS
SM
MD
LG