Accessibility links

“Нұр Отан” партиясы БАҚ-қа монополия орнатпақшы


Желтоқсан айында Қазақстанда “Нұр-медиа” атты жаңа медиа-холдингтің құрылғаны ресми түрде жарияланбақшы. Ол туралы Астанадағы ақпарат көзін сілтеме жасап, ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.
“Самұрық-Қазына” Ұлттық игілік қоры мен президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған “Нұр Отан” партиясы жаңа холдингтің құрылтайшысы, оның ішінде жаңа құрылымның 51 пайыз акциясы Ұлттық игілік қорының, 49 пайызы – партияның үлесінде болады.
Медиа-холдингке “Дала мен қала”, “Страна и мир”, “Нұр Астана”, “Литер”, “Айқын” газеттері мен “Астана” телеарнасы, NS радиосы кіреді. “Түркістан” газетімен келіссөз өтіп жатса, “Известия-Казахстан”, “Комсомольская правда-Казахстан” және “АиФ-Казахстан” басылымдарын қосып алуға ресейлік құрылтайшыларының келісімі керек көрінеді.
XS
SM
MD
LG