Accessibility links

Қазақстан президенті үнді премьеріне көңіл айтты


Үндістанның Мумбай қаласында содырлар адамдарды кепілдікте ұстап отырған қонақ үйдің бірінде жарылыс болды.
“Оберой Тридент” қонақ үйінде атыс болғаны туралы хабар бар. Тағы бір хабарға қарағанда, “Тадж Махал” қонақ үйінде кепілдікте болған адамдардың көпшілігі босатылды. Оның қарсаңында содырлар Мумбайдағы бірнеше мекемеге шабуыл жасады. Соңғы мәлімет бойынша, 101 адам, оның ішінде 11 полицей қаза болып, 300-ден астам кісі жараланды. 4 содырдың көзі жойылып, 9-ы тұтқындалды.
Бұл қастандықты беймәлім экстремистік топ өз жауапкерлігіне алып отыр. Халықаралық қоғам террорлық қастандыққа ащы наразылық білдірді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мумбайдағы қайғылы оқиғаға байланысты үнді премьер-министрі Манмохан Сингхқа көңіл білдіріп жеделхат жолдады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG