Accessibility links

Қазақстан басшысы Мумбайдағы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан премьеріне көңіл айтты


Ресми билік Тадж Махал қонақ үйіндегі кепілдікке алынғандар босатылды дейді. Мумбай, 27 қараша, 2008 жыл.

Ресми билік Тадж Махал қонақ үйіндегі кепілдікке алынғандар босатылды дейді. Мумбай, 27 қараша, 2008 жыл.

Қастандық құрбандарының саны жүзден асқан Үндістанның Мумбай қаласында полиция мен содырлардың қақтығысы әлі жалғасуда. Содырлар бейбіт халықты кепілдікте ұстап отырған 2 қонақ үйді Үндістанның арнайы әскері күші қоршап алды. Бейберекет оқ атылып жатқаны айтылады.

Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх Мумбай қаласындағы қастандық шабуылына жауаптыларды жазаға тартуға сөз берді. Телеарнадан сөйлеген сөзінде ол үнді халқын сабырлыққа шақырды.
Мумбайдағы қастандықтың салдарынан 101 адам қаза болып, 300-ден астам кісі жараланды. Полицияның хабарлауынша, “Тадж Махал” қонақ үйінде кепілдікте отырған адамдар босатылды. Алайда, содырлар “Оберой Тридент” қонақ үйінде кепілдікте адам ұстап отыр.
Тез атар мылтықпен және қол гранатымен қаруланған қарақшылар сәрсенбі күні осы 2 қонақ үй мен теміржол бекетіне және ауруханаға шабуыл ұйымдастырды.

Ресми биліктің мәлімдеуінше, 4 содырдың көзі жойылды, тағы 9-ы тұтқындалды.
Бұл қастандықтың жауапкершілігін Deccan Mujahideen атты беймәлім топ өз мойнына алып отыр.

Куәгерлердің айтуынша, қарақшылар негізінен америкалықтар мен ағылшындарды көздепті, бірақ өзге ұлттардың өкілдерін де кепілдікке алған.
Халықаралық қауымдастық террорлық қастандыққа ащы наразылық білдірді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мумбайдағы қайғылы оқиғаға байланысты үнді премьер-министрі Манмохан Сингхқа көңіл айтқан жеделхат жолдады.

XS
SM
MD
LG