Accessibility links

Үндістанда 100-200 кісі кепілдікте отыр


Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх Мумбай қаласындағы бірнеше дүркін қастандықты ұйымдастырғандарды жазаға тартуға сөз берді. Телеарнадан сөйлеген сөзінде ол үнді халқын бірлікке шақырды.
Мумбайдағы қастандықтан 101 адам қаза болып, 300-ден астам кісі жараланды. Полицияның хабарлауынша, “Тадж Махал” қонақ үйіндегі адамдар босатылды. Алайда, 10-12-дей содыр “Оберой Тридент” қонақ үйінде 100-ден 200-ге дейін қонақты кепілдікте ұстап отыр.
Тезатар мылтықпен және қол гранатымен қаруланған қарақшылар сәрсенбі күні осы 2 қонақ үй мен теміржол бекетіне және ауруханаға шабуыл ұйымдастарды.
Қастандықты беймәлім экстремистік топ ұйымдастарды.
Куәгерлердің айтуынша, қарақшылар негізінен америкалықтар мен ағылшындарды көздепті, бірақ өзге ұлттардың өкілдерін де кепілдікке алыпты.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейкүнә халықтың қазасына байланысты үнді премьеріне көңіл білдіріп жеделхат жолдады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG