Accessibility links

Мәжіліс «БАҚ туралы» заң жобасын қарауға қабылдады


Парламент мәжілісінің заңнама және сот құқықтық реформа жөніндегі комитетінің отырысында «БАҚ туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарауға қабылданды.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Дархан Мыңбайдың айтуынша, «журналист мемлекеттік қызметкерден немесе басқа біреуден жауап ала алмаған кезде сотқа емес, алдымен оның басшысына жүгіну керек еді, ал енді қазіргі ұсынып отырған өзгертулер мен толықтырулар ол мәселені де шешіп отыр, енді журналист сотқа жүгінуге болады».
Заң жобасында бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу, түсірілім жұмыстары үшін рұқсат алу мәселелері жеңілдетілген. Сондай-ақ, сотта жауапкер мен талапкердің ісі тең жағдайда қарастырылады.


AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG