Accessibility links

Чехияда жеті жылдан бері қашып жүрген қазақстандық ұсталды


Қарағанды облыстық құқық қорғау органдарынан жеті жыл бойы тығылып жүрген Александр Лаппоны Чехияда екі елдің Интерпол өкілдері бірігіп ұстады. Бұл деректі Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті растады, — деп хабарлайды ҚазТАГ.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2001 жылдың ақпанында түрмеден қашып кеткелі табылмай жүрген 50 жастағы Лаппо аса қауіпті қылмыскер болып табылады. Мойнында бірнеше қылмыстың жүгі бар қашқын ұсталған кезде, онда Белоруссия азаматының құжаттары болған.
«Ұсталған қылмыскерді экстрадациялау мәселелерін шешу үшін құжаттар пакеті Интерполдың Чехиядағы орталық бюросына жіберілді», — дейді ІІД-нің баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG