Accessibility links

Үнді әскері “Трайдент/Оберой” қонақ үйін шабуылдауда


Үндістанның арнайы әскери бөлімі Мумбай қаласындағы “Трайдент/Оберой” қонақ үйін шабуылдап, 100-ге арта адамды құтқарды.
Үкімет күштері “Тадж Махал” қонақ үйінен де кем дегенде бір қарақшы мен оның кепілдігінде болуы мүмкін адамды іздеу үстінде. Әскерилердің бірі хабарлағандай, қонақ үй бөлмелерінің бірінен шамамен 12-15 адамның мәйіті аңғарылды.
Үндістанның қаржы орталығы – Мумбайдағы террорлық қастандықтан 120-дан астам кісі мерт болып, 300-ден де көп адам жараланды.
Арнайы әскер содырлар кепілдікте адам ұстауы, оның ішінде еврейлерді тұтқында ұстауы мүмкін Еврей орталығын да нысанаға алды. Телеарналар жауынгерлердің тікұшақтан ғимараттың шатырына қарғып жатқан сәтін көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG