Accessibility links

Қарақшылар Үндістанға шетелден келді


Үндістан әскері Мумбай қаласындағы “Трайдент/Оберой” қонақ үйін содырлардан толық тазартты. Полицияның хабарлауынша, қонақ үйден тағы 24 адамның мәйіті табылып, шабуыл кезінде 2 содырдың көзі жойылды.
“Тадж Махал” қонақ үйінде полиция мен содырлардың қақтығыс әлі жалғасуда, арнайы әскер содырлар кепілдікте адам ұстауы, оның ішінде Израиль еврейлерін тұтқында ұстауы мүмкін Еврей орталығын да нысанаға алды. Бірнеше сағат бұрын телеарналар жауынгерлердің тікұшақтан ғимараттың шатырына қарғып жатқан сәтін көрсетті.
Өткен сәрсенбіде қарақшылар Мумбайдағы бірнеше мекемені, оның ішінде ойын-сауық орталығын шабуылдап, кем дегенде 143 адам мерт болды.
Террорлық шабуылды исламшылдар ұйымдастырған жоқ па деген күдік бар.
Үнді премьері Манмохан Сингх содырлар елге сырттан келді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG