Accessibility links

Теңіз қарақшылары бір кемені босатып, басқасын қолға түсірді


Сомалидің теңіз қарақшылары осыдан 2 айдай бұрын қолға түсірген Грекия кемесін босатты. Ол туралы Кенияның теңізшілері хабарлады. Олардың мәліметі бойынша, кеменің командасы да босатылды, бірақ қандай шартпен босатылғаны хабарланбады.
Бірақ Сомалидің жағалауында қарақшылар басқа бір кемені басып алды..
Мұнай танкерінде Үндістанның 25, Бангладештің 2 азаматы болған, кеменің британдық 3 күзетшісі теңізге секіріп құтылды. Кейінірек оларды таяу қашықтықта тұрған соғыс кемесінің тікұшағы көтеріп алды.
Сомалидің теңіз қарақшылары осымен 97 кемені басып алды.
XS
SM
MD
LG