Accessibility links

Бангкок бас әуежайын босату қарастырылуда


Тай полициясы әуежайға жиналған мыңдаған шерушілерді тарқауға шақырды. Бес адамнан көп кісінің жиналуына тиым салынуда. Бағынбағандар түрмеге жабылмақшы. Шерушілер тарқаудан бас тартуда. Бангкокта үкіметке қарсы шерушілер халықаралық басты әуе жай мен ішкі әуе жай қатынастарын өткен аптада тоқтатқызған болатын. Елудей шеруші сенбі күні үкімет басшысы ғимаратында болған жарылыстан жараланған екен. Шерушілер үкімет басшысын қызметтен кетіру үшін ол ғимаратты тамыздан бері басып алып, шықпай отыр. Жүз мыңдай турист қазір Тайландтан шыға алмауда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG