Accessibility links

Алматыда жаңа жылдық шырша жағылады


Алматы қаласы әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 19.00 -де «Астана» алаңында дәстүрлі жаңа жылдық шыршаны жағу салтанаты болады.

Жаңа жылдық бас шыршаны Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жағады. Бас шыршамен қатар қаланың барлық жеті ауданының шыршалары да бір мезгілде жағылады.

«Астана» алаңындағы мерекелік кеште Аяз Ата мен Қарша қыздың, ертегі кейіпкерлерінің, цирк шеберлері және басқа да әртістердің қатысуымен театрландырылған көрініс қойылып, концерт ұйымдастырылып, от шашумен қорытындыланады.

XS
SM
MD
LG