Accessibility links

Ресей прокуроры: Политковскаяның ісіне Интерпол кірісті


Ресей Интерполдан журналист Анна Политковскаяның өліміне қатысы бар күдіктіні табуға көмектесуді сұрады. Бұл туралы бас прокурор Юрий Чайка мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қылмысты кімнің жасағанын билік орындары біледі.

Кремлдің өткір сыншысы болған журналист Политковская 2006 жылдың қазан айында Мәскеудегі пәтері жанында оққа ұшқан болатын. Оның өліміне қатысы бар деген айып бойынша 3 адам сотқа тартылып отыр бірақ Политковскаяны өлтіруге тапсырыс берген кісі анықталмады.
XS
SM
MD
LG