Accessibility links

Алматыда Шетелдік инвесторлар кеңесінің 20-мәжілісі болады


Алматыда 2008 жылдың 5-желтоқсанында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 20-мәжілісі өтеді, — деп хабарлады ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев.

Мемлекет басшысының жарлығымен 1998 жылдың 30-маусымында республика үкіметі мен елде жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар арасында тікелей диалог орнатып, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында құрылған аталмыш кеңестің бұл жолғы мәжілісі барысында кеңестің қорытынды жұмысы қаралып, Қазақстандағы инвестиция мәселелері талқыға салынбақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG