Accessibility links

Алматы мен Оңтүстік Қазақстанда өрт болды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматының Жетісу ауданы Бөкейхан көшесінде «BIG Сервис» техникалық жөндеу станциясының аумағында өрт шығып, бояу өнімдері мен «Тойота», «ВАЗ-2106», «Мерседес» және «Лексус» көліктері өртеніп кетті. Аумағы 450 шаршы метрді құраған өртте құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 13 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 40 адамының көмегімен сөндірілді.
Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төрткөл ауылында «Джинтекс» ЖШС мақта өңдеу зауытының аумағында 1293 шаршы метр жерде шикі мақтаның тұтануы салдарынан өрт болды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 5 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 25 адамы жұмылдырылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG