Accessibility links

«Нұр Отан» ХДП-ның мүшелері мәжіліс депутаттары ретінде тіркелді


ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» ХДП-ның үш мүшесін мәжіліс депутаттары ретінде тіркеді, — деп мәлім етті бүгін өткен парламент мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның вице-спикері Сергей Дьяченко.

С. Дьяченконың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаттары ретінде тіркеген «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелері Зейнолла Алшымбаев, Ольга Оленко мен Нұрлан Өнербаевтар басқа жұмысқа ауысқан бұрынғы мәжіліс депутаттары Аслан Мусин, Асқар Бейсембаев пен Жақсылық Досқалиевті алмастырады.



AzattyqTV

XS
SM
MD
LG