Accessibility links

Алматыда наразы үлескерлер алаңға шықты


Бүгін түскі сағат 12-де Алматы әкімдігінің алдындағы Тәуелсіздік монументі тұрған алаңға жиналған «Ақ ауыл» және «Верный.KZ» құрылыс компанияларының үлескерлері өз мәселелерін шешуді талап етіп, компания басшылығы мен билікке наразылық білдірді. Араларында кәрі-жас, кішкентай балалары бар наразы жұрттың қолында Үкімет жетекшісі К.Мәсімовке, құрылыс компанияларының басшылығына талаптар айтылған жазулар бар. Бұл талаптарды олар өздерімен бірге ала келген дыбыс күшейткіш құралдың көмегімен де айтты.

Осы жерге келген Бостандық аудандық прокуратурасының өкілі бұл жиынның заңға қайшы екенідігін айтып, алаңға жиналғандардың тарқауын сұрады. Алайда оның ескертуіне мойынсұнбаған үлескерлер алаңнан кеткен жоқ. Полицейлер наразы топтың арасынан Амангелді Шорманбаев есімді азаматты ұстап, осы жерде тұрған полиция автобусына күштеп отырғызды. Мұны көрген үлескерлер полицейлердің қарсылығына қарамастан Шорманбаевпен бірге әлгі автобусқа өз еріктерімен барып мінді. Симағандары сол жерде қалып, көлікке мінгендерді полиция Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне алып кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG