Accessibility links

Иран президенті ел экономикасына қауіп төніп тұрғандығын мойындады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад мұнай бағасының түсуі ел экономикасына кері әсер етіп жатыр деп мәлімдеді. Осылайша ол мұны алғашқы рет мойындап отыр. ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмадинежад Иран шығындарды қысқартып, салықты асыруға мәжбүр болады деген. 2009 жылдың маусым айында президент болып қайта сайланғысы келетін Ахмадинежад үшін бұл онша жақсы жағдай емес болып тұр. Шілде айынан кейін бір баррель мұнайдың бағасы 147 доллардан 50-ге дейін түсіп, Иранның экономикасына қатты әсер етті.
XS
SM
MD
LG