Accessibility links

ЕуроОдақ бұрынғы Совет елдеріне миллиондаған доллар бөлмекші


Еуропа Одағы бұрынғы Совет республикаларымен қарым-қатынастарын дамытуға 600 миллион еуро жұмсауды жоспарлап отыр. Еуропа комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Баррозуның мәлімдеуінше, ЕуроОдақ өз шекарасындағы аймақтардың тұрақты болуына және экономикалық дамуына мүдделі. “Шығыс әріптестігі” Украина, Грузия, Әзірбайжан, Армения және Молдова елдерімен арадағы байланыстарды нығайтуға бағытталған. Ол сондай-ақ Беларус еліне де қатысты болуы мүмкін, бірақ ол үшін бұл мемлекет демократиялық реформа жүргізуі тиіс.
XS
SM
MD
LG