Accessibility links

Шырша сатушыдан құжат сұралады


ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда дайындалған жаңа жылдық шыршаларды еркін сатуға тыйым салынған, ал басқа елден әкелінген шыршаларды сататын сатушыда тиісті құжаттар болуы міндетті.

Жаңа жыл қарсаңында жас шыршаларды заңсыз кесу, дайындау, әкету және сатуларды анықтау мақсатында «Шырша» жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізіледі, ол үшін республикада негізгі жолдар мен орманға кіре берістердегі 377 бекетте табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесе отырып мемлекеттік инспекторлар мен орман күзетшілерінен тұратын 600 рейдтік топ ұйымдастырылды.

1 дана жас шыршаны жойғаны немесе оған зиян келтіргені үшін зиянды өтеу көлемі 15 айлық есептік көрсеткіші (17520 теңге) көлемінде қарастырылған. Жас шыршаларды заңсыз кескен құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынады және орман шаруашылығына келтірген зиянды өтеуге талап-арыз жасалады, құқық бұзушы 7 дана шырша кескен жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG