Accessibility links

Қызылордада бір жеткіншекті атып кетті


Облыстық ІІД бастығының орынбасары Әлімхан Әбжановтың мәліметінше, Қызылордада бір жеткіншекті атып өлтірген.
«Қизатов пен Төле би көшелерінің қиылысында тұрған бір топ жеткіншектің қасына БМВ көлігі келіп тоқтаған, бір минуттан кейін оқ дауысы естіліп, бір жеткіншек арқасынан жараланған. Көлік жасырынып қалған, ал 14 жастағы жаралы оқушыны облыстық медициналық орталықтың реанимация бөліміне жеткізген, дәрігерлердің күшті көмегіне қарамастан, жеткіншек көз жұмды», — дейді Ә.Әбжанов.
Қазір қолға түскен күдікті тергеу изоляторында отыр. 16 калибрлі тапанша заттық айғақ ретінде алынды, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.



XS
SM
MD
LG