Accessibility links

Пәкістан Мумбай оқиғасын зерттеуге көмектесуге әзір


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Исламабадтың бұл орайда Нью Делиге көмектесуге уәде еткенін Пәкістан басшыларымен кездесуден кейін мәлімдеді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Мумбайда болған өткен аптадағы лаңкестік шабуылды “жантүршігерлік” деп сипаттап, ондай әрекеттерге енді қайтып жол беруге болмайды деген еді. Пәкістан үкіметі де лаңкестікпен күресте осы көзқарасты ұстанып отырғанын айтқан болатын. Райс бір күн бұрын Нью Делиде Үндістан басшыларымен кездескен еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG