Accessibility links

ҚР премьер-министрі Батыс Қазақстанға барады


ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін кешке жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келеді, — делінген облыс әкімшілігінің хабарламасында.
Үкімет басшысы Теректі ауданындағы зілзаладан зардап шекендерге арнап салынған үйлерді көріп, «Таза су» бағдарламасы бойынша салынып жатқан су құбырының құрылысымен таныспақ.
Сонымен бірге Кәрім Мәсімов облыс аумағында ашылмақ мектептер мен балабақша, тұрғын үйлер мен жабын плитасын шығаратын зауыттың тұсаукесеріне қатысады.

XS
SM
MD
LG