Accessibility links

Беларус банкіне күдік келтірген жазаланады


Беларус орталық банкінің айтуынша, ол банк басқа коммерциалық банктерге арнайы кеңес берген. Яғни банк қызметкерлері тұтынушылар санасында осы банктерге қатысты күдіктің пайда болуына, сөйтіп қоғамдық бей-берекеттікке апаратын пікір таратып жүрген адамды байқаса полицияға хабарлауы тиіс. Беларус ресмилері ел экономикасы қаржылық дағдарыстан аз зардап шекті деп отыр. Алайда Минск Халықаралық қаржы қорынан 2 миллиард доллар несие сұрауда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG