Ұйымға мүше елдер сыртқы істер министрлері Хельсинкидегі бұл басқосуда ортақ қарар қабылдай алмады. Басқосуда соғыс-жанжалдарға жол бермеу идеялары талқыланған болатын. Сондай-ақ Ресей елі жұмадағы бұл басқосуда Еуропаның жаңа қауіпсіздік келісімі жөніндегі өз ойын ортаға салған еді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының министрлер кеңесінің сессиясында сөйлеген сөзінде мұндай келісім әлемдік тұрақтылыққа ықпал етеді деген болатын. Батыс ақпараттарының жазуынша, алайда кездесуге қатысып отырған министрлер Ресейдің бұл ұсынысын салқын қабылдаған еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?