Accessibility links

Бүгін Мәскеуде марқұм ІІ-Алексиймен қоштасу өтеді


Сенбі күні Орыстың православие шіркеуінің жоғарғы басшылығы – Қасиетті синод Мәскеудің және бүкіл Ресейдің Патриархы ІІ-Алексийдің қайтыс болуына байланысты Патриархтың міндетін уақытша атқарушыны сайлайды. Сондай-ақ ІІ-Алексийді жерлеудің күні мен орнын белгілейді. Бүкіл әлемдегі ең үлкен Православие шіркеуіне 20 жылдай жетекші болған Патриарх ІІ-Алексий 79 жасында жұма күні дүниеден өтті. Марқұмның өз тілегі бойынша, ол Мәскеудегі Богоявленский шіркеуінде жерленуге тиіс. Марқұмммен қоштасу сенбі күні кешке Құтқарушы Христос храмында өтеді.
Ресей президенті Дмитрий Медведев пен премьер-министрі Владимир Путин Патрирх ІІ-Алексийдің Совет Одағы ыдырағаннан кейінгі Ресейдегі маңызды рөлін атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG