Accessibility links

БҰҰ-ның санкциялары Иранның жағдайын нығайта түсті


Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры Мухаммад Әл-Баради АҚШ пен халықаралық қоғамның Иранды ядролық бағдарламасынан бас тартуға мәжбүрлеу әрекеті “теріс” нәтижесін берді деп есептейді.
Венада “Los Angeles Times” газетіне берген сұхбатында Әл-Баради соңғы жылдары Иранның ядролық проблемасы төңірегіндегі халықаралық қоғамның іс-әрекеті онша жемісті болмағанын атап көрсетті.
Иранды уранды байыту бағдарламасынан бас тартуға мәжбүрлеу үшін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Теһранға қарсы 3 санкция қабылдады. Алайда, -деп мәлімдеді МАГАТЭ-нің Бас директоры, - санкциялар, керісінше, Иранның жағдайын одан әрі “нығайта түскен” тәрізді.
XS
SM
MD
LG