Accessibility links

Тәліптер НАТО күштерінің тылына соққы беруде


Пәкістанның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан 1 полицей оққа ұшып, 60-тан аса жүк контейнері өртеніп кетті. Полиция өкілінің хабарлауынша, Пешавар түбіндегі автобазаға 30 шақты қарулы содыр шабуыл жасады. Осы автобазадан Ауғанстандағы НАТО күштеріне қажетті жүк тасымалданады. Хабарға қарағанда, әлгі контейнерлерге НАТО күштеріне арналған соғыс техникасы мен басқа да қажетті жүк тиілген көрінеді.
Соңғы апталарда қару-жарақ пен соғыс техникасының қоймаларына жасалған осындай бірнеше дүркін шабуыл - тәліптер НАТО әскерінің тылын қиратуды көздемей ме деген мәселе туғызып отыр.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG