Accessibility links

Иран армиясы жаңа соғыс зымыранын сынады


Теһраннан жеткен хабарға қарағанда, Иранның қарулы күштері әскери-теңіз жаттығуының барысында “Жерден-Жерге” үлгісіндегі жаңа соғыс зымыранын сынақтан өткізді. Иранның мемлекеттік радиосы хабарлағандай, жаңа зымыран сенбі күні соғыс кемесінен ұшырылып, 30 шақырым қашықтықтағы нысананы жойды.
Ресми ИРНА агенттігінің хабарлауынша, бұл орта қашықтыққа арналған жаңа “Наср-2” зымыранының алғашқы сынағы болды.
Иран 6 күн жалғасқан әскери-теңіз жаттығуын өткізу үстінде.
XS
SM
MD
LG