Accessibility links

Грек полициясы 16 жасар жеткіншекті атып өлтірді


Грекияның бірқатар қаласында жаппай тәртіпсіздік пен жастардың полициямен қақтығысы болды. Оған себеп – сенбі күні полиция жеткіншек баланы атып өлтірді.
Грек үкіметі жеткіншектің қазасына өкініш білдіріп, тергеу шарасына кірісті.
Ішкі істер министрі қызметінен кетуге әзір екенін мәлімдеді бірақ премьер-министр Костас Караманлис оны қолдамады.
16 жасар жеткіншекке оқ атқан 2 полицей тұтқындалды.
Сенбі күні кешке Афина қаласында 30 шақты жеткіншек полицияның автокөлігін таспен атқылай бастағанда, полицей қару қолданып, жеткіншектердің бірі алған жарақатынан қыршын болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG