Accessibility links

Бейжің Н.Саркозидің әрекетіне наразылық білдірді


Қытай үкіметі француз президенті Николя Саркозидің Далай-ламамен кездесуіне ресми наразылық білдірді.
Қазір Еуропа Одағына төрағалық ететін Францияның президенті Саркози Тибеттің рухани серкесімен сенбі күні Польшада жүздесті.
Қытайдың ресми “Синьхуа” агенттігі Саркозидің әрекетін қытайлықтардың намысына тиетін және француз-қытай қатынасына балта шабатын “абайсыз қадам” деп бағалады.
1 желтоқсанға белгіленген Қытай-ЕуроОдақ саммиті ресми Бейжіңнің бастамасымен кейінге қалдырылды.
Қытай Тибетті өзінің құрамдас бөлігі деп есептеп, Далай-ламаны сепаратист деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG