Accessibility links

Райс: Мумбайдағы шабуылды жасағандар Пәкістан жерін пайдаланған


АҚШ бүлікшілер Мумбайдағы шабуылдарды ұйымдастыру үшін Пәкістан жерін пайдаланды деп ойлайды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс мәлімдеді. Жексенбі күні теледидардан сөйлеген сөзінде Райс “мемлекеттік емес” топтар Пәкістан жерін пайдаланған болуы мүмкін деп мәлімдеді. Кондолиза Райс Пәкістан билігін өткен айда Мумбайда орын алған шабуылдарды ұйымдастырғандарды жауапқа тартуға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG