Accessibility links

Күдіктілер қыркүйек шабуылдарына қатысты айыптарды мойындамақшы


2001 жылы қыркүйектің 11-де орын алған шабуылды ұйымдастырды деп күдіктелген Халид Шейх Мохаммед пен тағы басқа 4 айыпталушы Кубадағы Гуантанамо абақтысындағы АҚШ әскери трибуналында лаңкестік айыптарын мойындайтындықтары жөнінде білдірісті. Бұл ақпаратты дүйсенбі күні сот төрағасы Стивен Хенли жариялады. Әлгі 5 азамат Әл-Қаида ұйымының қолдауымен ұшақтарды басып алып, 11-ші қыркүйектегі шабуылдарды жүзеге асырды деген айыптар бойынша айыпты деп табылса, өлім жазасына кесілуі мүмкін. АҚШ-та орын алған ол шабуылдардан 3 мыңға жуық адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG