Accessibility links

Байқоңырдағы келесі жылдың ғарыштық ұшырылымы ақпан айына белгіленді


«Байқоңыр» ғарыш орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2009 жылғы ұшырылымдардың жоспары толық бекітілген жоқ. Қаңтар айында ұшырылым жасалмайтын белгілі болып отыр, ал келесі жылы ақпан айының бірінші жартысында ғарыш айлағынан «Союз-У» зымыранымен «Прогресс М-66» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясының экипажына арналған жүкті алып ұшады.

«Прогресс» жүк кемесінен кейін Ресейдің екі жер серігі — «Экспресс АМ-44» пен «Экспресс-МД1» ұшырылады деп жоспарлануда. «Протон-М» зымыраны мен «Бриз-М» үдеткіш блогын «Экспресс АМ-44» және «Экспресс-МД1» байланыс жер серіктерімен қоса ұшыру да 2009 жылғы ақпанға межеленіп отыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG