Accessibility links

Грецияда бей-берекеттіктер одан әрі жалғасуда


Греция ресмилері полиция оғынан қаза болған 15 жасар баланың жерлеу рәсімінен кейін толқулар одан әрі күшеюі мүмкін деп отыр. Толқулар Афинада үшінші күн жалғасуда. Ашулы жастар тобы дүкендер мен банктер, қонақ үйлерге шабуыл жасауда. Олар орталықтағы зәулім шыршаға өрт салды. Елдің тағы 9 қаласында осындай бей-берекеттіктер орын алуда. Ел үкіметі оқиғаны қалай ауыздықтау керектігін дүйсенбіде ақылдасты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG