Accessibility links

Наразы тұрғындарды құқық қорғаушылар әкімшіліктен сүйреп шығарды


Бүгін Алматы қалалық әкімшілігінде тағы бір наразылық акциясы өтті. Қаладағы даулы жатақханалар мен «Красный трудовик», «Шаңырақ-5» елдімекендерінің 50-ге жуық тұрғыны жерлерін заңдастырып беру және Алатау аудандық әкімшілігі тарапынан құрылған комиссия құрамын өзгерту сияқты талаптармен қала әкімі А.Есімовтің кеңсесіне барды. Наразы топтың қасында «Талмас» қоғамдық қозғалысының бұрынғы жетекшілерінің бірі Ризада Жақыпбек те бар.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қарсылығына қарамастан әкімшілік ғимаратына басып кірген наразы топ өкілдері қала әкімі А.Есімовтің есігінің алдына барып әкімнің өздерімен кездесуге шығуын талап етіп еді, бірақ олардың талаптары орындалған жоқ, керісінше жиналған халықтан 2 есе көп құқық қорғаушылар наразылық білдірушілерді сыртқа сүйреп шығарып, есік алдында тұрған автобустармен алып кетті. Кейбір тұрғындардың ұялы телефондарын тартып алған, көбісінің киімдері де жыртылды, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG