Accessibility links

Пәкістан Мумбай оқиғасында күдіктелген қос адамды тұтқындады


Бұл хабарды Пәкістан үкімет басшысы Юсуф Раза Гилиани растады. Олар Лашкар-е-Тайба тобының мүшелері деді Гилиани. Ал, Үндістан полициясы Мумбай оқиғасына қатысы бар деп күдіктелген 9 адамның есімдері мен суреттерін жариялаған болатын. Олардың барлығы да пәкістандықтар, дейді ресми Дели. Үндістан 170 адамның өліміне себепші болған сол шабуылдар үшін Пәкістандағы Лашкар-е-Тайба қарулы тобын айыптауда. Пәкістан дүйсенбі күні Мумбай оқиғасында күдіктелген ешкімді де Үндістанға бермейміз, деген еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG