Accessibility links

Греция премьері азаматтарды қорғауға уәде етті


Греция премьер-министрі Костас Караманлис елде бес күн жалғасқан тәртіпсіздіктерден кейін теледидардан сөз сөйледі. Караманлис Греция азаматтары қорғалады және бейберекетсіздік әрекеттерінен зардап шеккен бизнестерге өтемақы төленеді деп уәде етті. Премьер-министрдің мәлімдемесінен кейін бірнеше сағат өткен соң Афины мен Фессалоники қалаларында полиция мен студенттер арасында тағы қақтығыстар орын алды. Грециядағы толқулар полицияның қолынан бір жасөспірім қаза болғаннан кейін басталып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG