Accessibility links

ЕҚЫҰ Грузия жерінде болған атысты айыптауда


Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Грузия мен оның жікшілдік аймағы арасындағы шекараның жанында орын алған атысты айыптады. Сәрсенбі күні Оңтүстік Осетиямен арадағы шекараға жақын жерде белгісіз бір адамдар аталған еуропалық ұйымның бақылаушы инспекторларының көлігіне оқ атқан болатын. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Грузиядағы миссиясының басшысы Терхи Хакала әлгі шабуылды “қабылдауға келмейтін оқиға” деп атап, оған байланысты тергеу ісін жүргізуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG