Accessibility links

Ирландия реформа туралы келісімді қайта қарамақшы


Ирландия 2009 жылдың қазан айына дейін Еуропа Одағының реформа жөніндегі даулы келісіміне қатысты жаңа референдум өткізуге әзір. Бұл туралы бейсенбі күні ЕуроОдақ саммитіне дайындалған Ирландия мәлімдемесінің жобасында айтылған. Лиссабон келісімі 27 ел мүше болып табылатын Еуропа Одағының жұмысын тездетуге бағытталған. Маусым айындағы референдумда Ирландия азаматтары аталған келісімге қарсы дауыс берген соң ЕуроОдақ үлкен дағдарысқа тап болды.
XS
SM
MD
LG