Accessibility links

Ирақта жанкештілік шабуылдан 15 адам қаза тапты


Ирақ полициясының хабарлауынша, бейсенбі күні Киркук қаласының жанында бір жанкешті кемінде 15 адамды өлтіріп, 30-ға жуық адамды жаралаған. Қалалық полиция басшысының орынбасары генерал-майор Торхан Абдул-Рахманның мәлімдеуінше, бұл жанкештілік шабуыл бір мейрамхананың ішінде орын алған. Киркукта негізінен күрдтер мен арабтар және түркмендер тұрады.
XS
SM
MD
LG