Accessibility links

Ресей кенішінде 12 адам қаза болды


Ресейдің солтүстігіндегі Мурманск аймағының Кировскіге жақын маңында, кеніштегі қазба жұмыстары кезінде бейсенбіде жарылыс орын алған екен. Бір адам әлі табылған жоқ, тағы 5 адам жарақаттанған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік хабарлады. Кеніш жұмысын Апатит компаниясы жүргізген екен.
XS
SM
MD
LG