Accessibility links

Испания шешен азаматын экстрадициялайтын болды


Испания Ресейдің сұрауымен 2004 жылы Ингушетиядағы үкіметтік ғимараттарға болған шабуылға қатысы бар деген күдікті шешен азаматын беруге келісті. Әділет министрлігінің айтуынша, Амнести Интернэшнл ұйымының Ресейге Мурад Ахмедұлы Гасаевты бермеуге Испанияны шақырғанына қарамастан осындай шешім қабылданды. Адам құқын қорғаушылар егер Мурад Гасаев экстрадицияланса, ол Ресейде азапталады деп алаңдап келген. Гасаев 2006 жылдың желтоқсанында Испанияның шығысындағы портты қала Валенцияда ұсталған болатын. Амнести Интернэшнл ұйымының айтуынша, 2004 жылдың тамызында қамауға алынған Гасаев үш күн Ингушетиядағы полицияның азаптауында болып, кейін босатылған соң 2005 Испанияға кетіп қалған.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG