Accessibility links

АҚШ тобы Blackwater қызметкерлерінің атысы туралы ирақтықтармен кездесті


Бүгін Бағдадта АҚШ прокурорлары американдық қауіпсіздік компаниясы қызметкерлеріне қатысты істі тергеу үшін ирақтықтармен кездесті. Blackwater компаниясының 5 сақшысы 2007 жылы Бағдадта қанды атыс пен басқа да қылмыстар жасады деп айыпталған болатын. Алтыншы сақшы сот процесі барысында 17 ирақтық тұрғын қаза болған атыста кемінде бір ирақты өлтіргенін мойындаған. АҚШ-тың прокурорлық тобы сондай-ақ Ирақтың ұлттық полиция қолбасшысы генерал-лейтенант Хуссейн әл-Авадимен және атыста қаза тапқандардың туыстарымен кездескен.
XS
SM
MD
LG