Accessibility links

Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея қаржы дағдарысымен күресте бірігуге келісті


Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея елдері ғаламдық қаржы дағдарысына қарсы күресте бірлесе ынтымақтастық құруға келісті. Бірлесе таратқан мәлімдемелерінде аталмыш елдер сондай-ақ алдағы 12 айда өзара сауда барьерін жасамауға келісті.
Азиялық үш мемлекет сондай-ақ бірігіп Солтүстік Корея келіссөздерін қайта бастап, Пхеньянның ядролық мәселесін дипломатиялық жолмен шешуге шақырып отыр. Қытай президенті Уэн Жиабо, Жапония премьер министрі Таро Асо және Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак Жапонияның Фукуока қаласындағы кездесулерінен кейін осындай мәлімдеме жасады. Мұндай қадамдар осы аптада Бейжіңде сәтсіздікке ұшыраған алты жақты келіссөзден кейін болып отыр. Оған жоғарыдағы үш елмен қатар Құрама Штаттар, Ресей және Солтүстік Корея қатысқан.
XS
SM
MD
LG