Accessibility links

Загребте жүздеген адам Тито алаңының атын ауыстыруды талап етті


Загребтен түскен хабарға қарағанда, сенбі күні жүздеген адам Хорватия астанасы орталығындағы маршал Тито алаңына жиналып, соңғы Югославия жетекшісінің атын алып тастауды талап етті. Бейбіт қарсылық шеруін ұйымдастырушылардың айтуынша, Тито елде жаппай қыру, кісі өлімі, қамау мен азаптауларға жауапты болған адам. Ал Титоны қолдаушылар алаңның екінші жағында шеру өткізіп жатты. Иосип Броз Тито бұрынғы Югославия федерациясын өмірінің соңғы 1980 жылына дейін 35 жыл басқарды.
XS
SM
MD
LG