Accessibility links

Қандағарда 3 ауған полицейі мерт болды


Бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағарда орын алған жарылыстан кемінде үш ауған полицейі қаза тапты. Тағы бірнеше кісі ауыр жарақат алды. AFP ақпарат агенттігі Талибан өкілі Юсуф Ахмади бұл жарылысты талибандар жасады дегенін хабарлап отыр.
Оның алдында сенбі күнгі бомба жарылысынан Қандағар уәлаятында үш канадалық әскер мерт болған еді. Сөйтіп Ауғанстанда қаза болған канадалық әскердің саны 103-ке жетті.
XS
SM
MD
LG