Accessibility links

Ресейдің соғыс кемелері Никарагуаға көмек жеткізді


Ресей Никарагуа әскері мен полициясы және ауруханаларына 200 мың доллар шамасында жабдықтар сыйлады. Ресей кемелері оны Никарагуаға сенбі күні жеткізген. Ресейлік әскери кемелердің келуі елде даулы жағдай тудырды. Оппозициялық депутаттар конституция бойынша шетелдік әскердің елге кіруін парламент мақұлдауы тиіс деп, олардың сапарын заңсыз деп айыптады. 1980 жылдары Совет одағымен одақтас болған қазіргі Никарагуа президенті Дэниель Ортега Ұлттық Ассамблея демалыста болғандықтан бұл сапарды өзі мақұлдағанын айтып отыр. Ресей ресмилері әскери кемелері Оңтүстік Американ еліне достық әрі қайырымдылық миссиясымен барғанын айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG